Ассоциация туралы ақпараты

 «Қазақстан Республикасының геологиялық өндірістік ұйымдарының ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – Ассоциация) өзін-өзі реттейтін, геологиялық барлау және ілеспе жұмыстарымен айналысатын коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігі болып табылады.

 Ассоциация 2005 жылы құрылған. Бүгінгі күні оның құрамына мүше ретінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мен әртүрлі геологиялық қызмет нарығында белсенді жұмыс істейтін отыздан астам сервистік геологиялық ұйым кіреді. Жалпы Ассоциация геологиялық бағыттағы 14 мыңдай мамандарды біріктіреді. Өз мүшелерінің құқықтарын қорғау мен жер қойнауын мемлекеттік зерттеу, сонымен қатар сервистік қызмет көрсетуде конкурстік рәсімдерді жоспарлау мен ұйымдастыру жағдайында заңды және кәсіби нормаларды бұзбауды қамтамасыз ету саласында Ассоциация мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнатады.

Comments are closed