Ассоциациядағы мүшелік

АССОЦИАЦИЯДАҒЫ МҮШЕЛІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  1. Негізгі қызмет саласында:
  • Қазақстандағы геологияның дамуы мақсатында геологиялық және басқа да мекемелердің мүдделеріне өкілдік ететін ірі коммерциялық емес кәсіби бірлестік құрамында болу;
  • саланы дамыту сұрақтары бойынша мемлекет басшылығына кәсіби қауымдастықтың ұжымдық жолдауларын дайындауға қатысу;
  • геологиялық мазмұндағы мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
  • геология саласын дамыту мақсатында инновациялық шешімдерді енгізуге ат салысу;
  • геология және сабақтас салалар мекемелері мен мамандарының арасында ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • Ассоциацияның корпоративтік ресурстары мен оның мүшелерінің әлеуетіне жүгіне отырып жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру;
  • Ассоциацияның жобаларына қатысу;
  • Ассоциацияның басқару органдарына сайлану;
  • Ассоциацияның жұмыс топтарының жұмысын басқару және қатысу;
  • Ассоциация қызметі туралы ақпарат алу және ұсыныстар енгізу.
  1. Заңгерлік қызмет саласында:
  • түрлі қызмет салаларында, соның ішінде заңнамалық салада Ассоциация мүшелерінің мүдделеріне өкілдік ету және қорғау;
  • жер қойнауын пайдалану саласындағы жеке заңды мүдделерді қорғау аясында кәсіби сұрақтарды шешуде Ассоциация қолдауына ие болу;
  • жеке мүдделеріне өкілдік етуге құқық беру;
  • жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы күрделі аспектілерді шешу аясында заңгерлік кеңес көмегін алу.
  1. Ғылыми-ұйымдастырушылық және қоғамдық қызмет саласында:
  • ғылыми, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарларды ұйымдастыру мен оларға қатысу;
  • Ассоциацияның ресми сайтында кәсіби қызметі туралы ақпарат жариялау;
  • мекеменің жарнамалық ақпаратын жариялау мақсатында Ассоциацияның сайтын қолдану;
  • Ассоциация мүшелерінің бірлескен жарнамалық және имидждік науқандарына қатысу, жеке жарнамалық шараларда Ассоциацияның логотипі мен басқа да символикасын қолдану;
  • мамандарға білім беру бағдарламалары, даярлау мен қайта даярлау бағдарламаларына жеңілдік негізінде қатысу;
  • Ассоциация мүшелерінің кітаптары, әдістемелік құралдары, арнайы және басқа да басылымдарына жеңілдік негізінде иелену;
  • Геолог күніне орай Ассоциацияның марапат белгілеріне өз мамандарын ұсыну.

Comments are closed