XXIII Үкіметаралық жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі кеңес сессиясы Нұр-Сұлтан қаласында өтті

2019-09-25_at_12.28.12_pmҮкіметаралық кеңес минералдық-шикізат ресурстарын зерттеу, барлау және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімнің ережелерін  және 1997 жылғы 27 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы елдерінің Тау-кен хартиясын іске асыратын үйлестіру органы болып табылады.

Ынтымақтастық 2016-2020 жылдарға арналған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің біріккен жұмыстарының перспективалы жоспары аясында жүзеге асырылады.

Сессияға Арменияның, Беларустың, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Қазақстанның геологиялық қызмет делегациялары, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының қадағалаушылары қатысты.

Қатысушыларға таныстыру сөзін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов сөйледі.

Сессия барысында 2018-2020 жылдардағы ТМД қатысушы-елдерінің геологиялық қызметі жұмысының нәтижелері туралы және 2016-2020 жылдарға арналған ТМД қатысушы-елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі біріккен жұмыстарының перспективалық жоспарын іске асыру туралы делегация басшыларының баяндамалары жасалды.

Сондай-ақ сессия жұмысының аясында Үкіметаралық кеңесте төраға өкілеттігін қазақстандық тарапқа беру рәсімі өткізілді.

Comments are closed