«Атамекен» ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өндірісі комитетінің отырысы өтті

baimahanova14 желтоқсан күні «Атамекен» ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өндірісі комитетінің отырысы өтті.

2018 жылы «Жер қойнауы мен жер қойнауын қолдану» ҚР кодексінің күшіне енуі күтілуде. Осыған орай, құжаттың геологиялық барлауды дамытудағы концептуалды жаңа бағыттарды көздеуіне байланысты геологиялық қауым кодекске үлкен үміт артуда. Мәселен, халықаралық стандарттарға көшу, юниорлық компанияларды тарту, барлау барысында инвесторлардың қаржылық жүктемесін төмендетуге бағытталған ережелер енгізілуде.

Күн тәртібіне сәйкес Комитет отырысында енгізілгелі отырған жаңа ережелерге кәсіби қауымның дайындығы, жер қойнауын басқару бағдарламасын дайындау жұмыстары мен басқа да өзекті мәселелер бойынша Ассоциация Президенті Г.А. Баймаханова баяндама жасады.

Comments are closed