ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

день-независимости-республики-казахстан-независимая-страна-807Құрметті әріптестер!

Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты – айтулы мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің Республикамыздың тәуелсіздік күні елдің тарихында, халық тағдырында маңызды орын алады. Бұл ең ұлы, қасиетті мереке. Тарих еншісіне енетін Тәуелсіздік еліміз үшін игі істердің орындалуы мен мәдениеттің дамуы, мемлекет жылнамасының жарқын беттеріне жазылатын жаңа кезеңнің бастауы болады деп сенеміз.

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!

Ел егемендігінің ұлық мерекесі әрбір шаңыраққа шаттық, елімізге молшылық әкелсін! Сіздерге мықты денсаулық, қуаныш, ашық аспан және Қазақстан елінің дамуы үшін табысты еңбек ете берулеріңізге тілектеспіз!

Comments are closed