CRIRSCO-да геологиялық барлау жұмысының нәтижесі туралы Қазақстанның көпшілік алдындағы жауапкершілік кодексі мақұлданды

фото к 14.06.2016Астанада CRIRSCO қатты пайдалы қазбалардың қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандарты жөніндегі Комитетінің отырысы өтті, отырыс барысында Қазақстан Республикасы CRIRSCO қатысушы-мемлекет құрамына қабылданды.

Астанаға CRIRSCO комитет делегациясы келді. KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі кодексін қарастыру және келісу мәселелері бойынша уәкілетті CRIRSCO комитетінің делегациясына Комитет төрағасы Гарри Паркер басшылық етті.

Қазақстан тарапынан ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.Нұрабаев, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, соның ішінде KAZRC Ассоциациясы, ТМКҚ, ГҚӨҚ, жер қойнауын пайдаланушылар-компаниялары.

Атап айтқанда, осы комитетке мүшелік ету үшін міндетті болып табылатын құжаттар CRIRSCO делегациясына қарастыруға ұсынылды, оларды Қазақстанның KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі бұқаралық есептілік қауымдастығы мен «Жер қойнауы бойынша тәуелсіз сарапшылардың кәсіби қауымдастығы» қоғамдық ұйымы (ПОНЭН) даярлады.

«CRIRSCO халықаралық стандарттары жөніндегі комитетімен KAZRC минералдық қорлар мен минералдық ресурстарының, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жөніндегі қоғамдық кодексі мақұлданды және CRIRSCO халықаралық стандарттар құрамына қабылданды. Қазақстан Республикасы атынан CRIRSCO комитетінің мүшесі болып KAZRC Ассоциациясы тағайындалды», – деп мәлімдеді министрлікте.

Айтып өтілгендей, Кодекс компаниялардың минералдық-шикізатты активтерін тәуелсіз бағалауды даярлауға арналған және жер қойнауын пайдалану жобаларын қаржыландыру мақсатында шет елдік және отандық алаңдарға инвестиция жұмылдыруға бағытталған.

«Жер қойнауын пайдалану саласындағы әлемнің барлық биржалары CRIRSCO стандарттары бойынша әзірленген есептілікті қабылдайды, өйткені олар инвесторлар үшін басты тәуекелді – компаниялар есептілігінде көрсетілетін ресурстар мен қорлардың расталмауы тәуекелін айтарлықтай төмендетеді. Халықаралық стандарттарға көшу Қазақстанда жас компаниялар нарығының құрылуы мен дамуына мүмкіндік туады деп болжамданады және барлау көлемінің ұлғаюы нәтижесінде жаңа кен орындары ашылады», – деп баса айтты ҚР ИДМ-де.

Естеріңізге салсақ, CRIRSCO комитетінің мүшелігіне мемлекеттер мен өңірлерді құрайтын 9 ұлттық ұйымдар кіреді, олар: CIM (Канада), JORC (Австралия және Жаңа Зеландия, SME(АҚШ), PERC (Еуропа), SAMREC (ОАР), IMEC (Чили), MPIGM (Монғолия), NAEN (РФ), CBRR (Бразилия). CRIRSCO барлық мүшелерінің стандарттары бірыңғай үлгімен әзірленген.

 http://strategy2050.kz

Comments are closed